Қыр кезген көңіл – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Қыр кезген көңіл» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1410
Балалық шағым, бал күнім,
Даланың теріп әр гүлін,
Әуеде әуен тербеліп,
Алаңсыз кездім шалғынын.
Қиялым қырды шарлайды,
Бал күнді іздеп барлайды,
Көгалда доппен ойнадық,
Сүйгізіп күнге маңдайды.
Қымыздық иісі аңқыған,
Қызғалдақ қырда балқыған,
Аппақ нұр толы дүние,
Балалық дәурен шалқыған.
Сайрандап сала- сайменен,
Құйғыттым қырда тайменен,
Аяулы мекен – айдала,
Сырластым алғаш айменен!
Көңілім менің көктемде,
Кетеді кезіп қырларды,
Құмармын неге мұншалық,
Қырларда қандай сыр бар-ды?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері