Күзді кешіп келемін – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Күзді кешіп келемін» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 3895
Күзді кешіп келемін мен...
Үнсіз.
Сыбдырлайды сарғайған бақ,
Мұңсыз,
Ойға шомып, жай табады,
Жаның,
Табиғатта бәрі заңды,
Мінсіз.
Жапырақтар жерге қонар,
Қалқып,
Қызыл, сары, саф алтындай,
Балқып,
Судырлайды, сыбырлайды...
Сабыр,
Уақыт емес, сайран салар,
Шалқып.
Шарпып бізді күздің ізгі
Демі.
Күрсінердей, іздейсің деп,
Нені?
Күз дегенің іздегенге,
Ғажап,
Жемісі мол, ақыл-ойдың
Кені!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері