Теңіз тастары – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Теңіз тастары» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1236
Теңізден шыққан майда тас,
Мекенің сенің қайда тас?
Асыр салып айдында,
Толқынмен болған майдандас,
Жасаймын десең әдейі,
Қолдан да бұлай қайралмас.
Не деген әсем,
Қайранмын!
Түбінен сүздім қайраңның,
Сан бояу сәнмен үйлескен,
Табиғат – шебер,
Ойландым,
Сырыңды айтшы, майда тас,
Қай жерде, қалай қайралдың?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері