Өлеңдер Бөлімі

Абай-дана

Ерініп, бекерге аунап жатпа,
Қара сөз оқып, одан да өлең жатта.
Еріншектік бес дұшпанның бірі деген
Абайдың құраған антын сақта.

"Көзімнің қарасы" деп ән салған Абай,
Тыңдасаң болады екен көңіл – сарай.
Абайдың өлеңдері Күн іспеттес,
Қарасаң тұрады екен шашып арай.

Желсіз түнде болады екен жап-жарық ай,
Шабытым шауып шыдай алмас сақ жаным-ай
"Тасыған өзен гүрілдеп" деген Абай,
Сірә менің тасығандай-ақ қаным-ай.

«Абайға арнауымыз бар арналатын» –
Біздің-дағы даусымыз бар жар салатын.
Бүгінде атамыз Абай ұмыт болды.
Осындайда қайран жүрек шаншылатын

«Түсі суық сұр бұлттар аспанды қаптай»,
Бұл арнауым шапсын енді тұлпар аттай.
Кеудемнен түссе де жүк алып таудай
Шыдатар емес жаным менің тыныш тұрмай.

Шындық айтып кімге, бауырым, жағарсың
Айтқанның сен жағасынан аларсың.
Абайдың өлеңдерін жатқа айтсаң,
Батаңды алып, бір марқайып қаларсың.

Абайға қойған әжесі «абай бол» деп
«Абай боп, жан-жағыңа қарай жүр» деп.
Абай атамыз кезінде айтқан екен
Шүкір қылып Құдайға жарай жүр деп.

Абайдың өлеңдері мағыналы
Өлеңін айтып талмасын жағың әлі
Тыңдасаң, құлақтан кіріп бойды алатын
Абайдың өлеңі мен сырлы әні.


Ансамбль

  • 0
  • 0

Келді ауылға ансамбль бүгін,
Жандырып әннің арай мен нұрын
Ансамбль келіп ән салды бүгін,
Ырғаққа келтіріп, әні мен жырын

Толық

Садақа

  • 0
  • 0

Бір ауылда егінмен жан асыраған,
Егіндіктен ақша түскен қазынаға.
Ауыл халқы өз азығын табу үшін
Егінмен күн көрген-ді азын-аулақ

Толық

Теңізде кездескенше

  • 0
  • 0

Толқындар тулап,
Шағала шулап,
Қаз қиқулап бара жатыр.
Таң тамаша,

Толық

Қарап көріңіз


Пікірлер (3)

София Алимусаева

Өлең мағыналы əрі құлақтан кіріп бойды алардай екен

қасым аланбаев

керемет жақсы қазіргі өлеңдердің ішіндегі мағыналы біреуі екен

Аяулым

өте жақсы өлең

Пікір қалдырыңыз

×