Сен де бәрін білесің – Дидар Амантай

Бұл бетте «Сен де бәрін білесің» атты Дидар Амантай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1364
Сен де бәрін білесің,
Мен де ерте түсіндім.
Бұл өмірдің күресін
Бір-ақ түнде ұсындым.

Қорықпадық Тәңірден,
Қойдық нүкте бір түні.
Жылдар бойы өмірден
Іздеп едік… күлкілі.

Махаббатты жоқ дедік,
Мас болдық біз басқаға.
Елден кейін көктедік,
Ерте солдық… масқара!

Шыныңды айтар кезіңде
Шыға алмайсың айыпсыз.
Мұндай ұлы сезімге
Мен де, Сен де – лайықсыз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен де бәрін білесің өлеңінің авторы кім?

Дидар Амантай — осы өлеңнің авторы.

Сен де бәрін білесің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен де бәрін білесің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дидар Амантай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен де бәрін білесің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері