Ақыл тiсi шықса да ақыл кiрмей – Ұлықбек Есдәулетов

Бұл бетте «Ақыл тiсi шықса да ақыл кiрмей» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2130
Ақыл тiсi шықса да ақыл кiрмей,
Ақылдыларға жақын жүрмей,
Бiр дұшпанының атын бiлмей,
Ақымақ болған қайран басым,
Мүшел жасқа кеп ойланғасын -
Не сорым?

Ой бағып, қой мен қозы бақпай,
Құлағы барға сөзi жақпай,
Ақ пен қараны ажыратпай,
Адасып баққан соқыр басым,
Мүшел жасқа кеп опынғасын -
Не сорым?

Жалғанды жалпағынан басып та өткен,
Қызуының қайнарын шашып-төккен,
Қызықтың да қақпасын ашып кеткен,
Кiсiнi менсiнбес құмай басым,
Мүшел жасқа кеп мұңайғасын -
Не сорым?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері