Бұл бетте «Балға» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көкiрегiмде дүрсiлдеген
Балғамды
Алла Тағаладан алғам-ды,
қара төске қарсы салғам-ды,
жалпағынан жаншып жалғанды.
Талпынып жүрiп арманға,
темiр етiктен -
түймедей,
темiр таяқтан -
тебен инедей қалғанда
сынасы ұшып,
сыр бердi менiң Балғам да.
Қара темiрден қан шығып,
қамырдай өзi жаншылып,
қайдағыны сезiнетiн,
қайғыратын,
езiлетiн болды бұл Балғам.
Тiзелiнi бүгiлтiп,
мойындыны иiлтiп,
маған да жеттiң сұм жалған!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі