Анда барсаң

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1999
Анда барсаң –
Иран-Ғайып налыған...
Мында келсең –
Иран-Ғайып арыған...
Неге налып,
Неден арып барады –
Жыр перзенті
Уызында жарыған?!
Неге?!
Неден
Сезім – суық,
Ой – тарын?!
Қыңыр тартпай,
Райымнан қайтайын –
Сырттағы жау
Іштен шықты демессің –
Жасырмайын,
Жан-сырымды айтайын:
Көремін де –
Бордай тозған Даламды,
Көремін де –
Жындай қозған Қаламды –
Зар илеймін...
О, Ел-Ана,
Жазғырма –
Рухани қарыны ашқан балаңды?!
Қара шашың Қуарғанын сеземін,
Ақ мамаңның
Суалғанын сеземін...
...Сезе-сезе –
Көзім жасы көл болып,
Өкпем өшіп,
Өртенеді өзегім!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анда барсаң өлеңінің авторы кім?

Иран-Ғайып — осы өлеңнің авторы.

Анда барсаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Анда барсаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иран-Ғайып өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анда барсаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері