Тауқыметің зор болды

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1730
Тауқыметің зор болды,
Не көрмедің, Торғайым?!
Көк аттыға қор болды,
Көгергенің – әрдайым!
Жемітіндей Жебірдің –
Жезің, Күміс, Алтының.
Көркін ашар Өмірдің –
Жаз Күніндей Жарқыным.
Сыр Бойының сәлемін
Ала келдім Жеріңе.
Кеңейіп тар Әлемім –
Басымды идім Еліңе.
Темір-тәртіп – тізгіннің
Тепкісінен қорғайын?!
Тырнағынан құзғынның
Абай болғын, Торғайым?!
Бар ма Ақынның айыбы –
Ет-жүрегі езілген?!
Барлық пәле дәйімі –
Басталады Өзіңнен...
...Батырыңды жайратып,
Жата көрме, Торғайым?!
Ақыныңды айдатып,
Ата берме, Торғайым?!
Жер-Суыңды сауықтап,
Қалың кірме қаптаса,
Бір амалын тауып бақ –
Халық па амал таппаса?!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тауқыметің зор болды өлеңінің авторы кім?

Иран-Ғайып — осы өлеңнің авторы.

Тауқыметің зор болды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тауқыметің зор болды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иран-Ғайып өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тауқыметің зор болды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері