Күз. Алматы – Маралтай Райымбекұлы

Бұл бетте «Күз. Алматы» атты Маралтай Райымбекұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2671
“Тек мен ғана түсінем бұл қаланы"
Есенғали

Мен секілді сағына ма түсінде,
Сезе алар ма әкімі әм тұрғыны.
Түсінгеннің бірге кетер ішінде,
Алматының бір мұңы бар, бір мұңы!
Күрең шашын, алтын сары кірпігін,
Бауырыма басып дел-сал реңін,
Бірге жамап жүрегінің жыртығын,
Көшесінде мең-зең болып жүремін.
Алматының аспанында бір мұң бар,
Кімдікі ол, соны білмей далмын мен.
О дүние мен бү дүниелік тұрғындар,
Сенікі ме әлде Аллам — алды кең?!
Алматының бір мұңы бар, бір мұңы,
Түсінгеннің бірге кетер ішінде.
Сезе алар ма әкімі әм тұрғыны,
Мен секілді сағынар ма түсінде! ?
Түсіндіре алмаса да өлеңім,
Күз де оған кінәлі емес тегінде.
Тек сол ғана біледі деп себебін,
Раушановтан сұрауым жөн менің не!
Алматының көшесінде арман жүр,
Күз келгенін ертең құстар сездірер.
Сонда айтылар, ал әзірге
қалған жыр —
Соры қалың жүрегіңді ездірер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күз. Алматы өлеңінің авторы кім?

Маралтай Райымбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Күз. Алматы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күз. Алматы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күз. Алматы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері