Тым таныс дауыс…

Бұл бетте «Тым таныс дауыс…» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1195
Тым таныс дауыс…
Бiреу кеп маған үн қатты…
Аяқ астынан абыржып,
денем дiр қақты:
“Жоғалтып алған жоқсың ба, жаным, сен менi?..
Жоғалтып алған жоқсың ба сырды қымбатты?..”
Кенеттен кейпiн кештiм де ессiз жындының,
ұмтылдым алға,
барады кеуiп ындыным.
Өзiме өзiм сөйлеймiн баяу күбiрлеп:
“Сен кiмсiң?..
Иә, жоғалтып алған сындымын!..”
Тоқтай қап тосын,
көз салдым оң мен солыма,
бұрылдым тағы артымда қалған жолыма –
ешкiм жоқ!
Ғажап!!!
Әлде мен дерттi шығармын…
Қарасам,
бiр тал гүл ұстап тұрмын қолыма!..
“Жоғалтып алған жоқсың ба, жаным, сен менi?..”
(Түк емес Құдай қор қылам десе пенденi).
Гүл екен…
Иә, сөйлеген бiр тал гүл екен!..
Ой, тоба-ай, мына гүл үнi неткен шерлi едi?!.
“Ғафу ет, жаным!..
Кешiргiн мендей пақырды!..
Жоғалтқаным ғой…
Ұмытып қаппын атыңды!..”
“Сенiмен бiрге енемiн Жердiң қойынына,
мәурiтi жетiп,
сапарға шықсаң ақырғы!..”
“Үздiктiрмешi!..
Кiм едi, айтшы, есiмiң?!.
Айыбым болса,
сұрайын тағы кешiрiм!..”
“Сенi өзiң сүйген аруға бастап барамын,
қағамыз бүгiн кешке оның қайта есiгiн!..”
Гүл бастап жүрдi…
Төбемде тұрды Ай қарап,
жұлдыздар жымың қағады нұрмен айқалап.
“Жоғалтып алған жоқсың ба, жаным, сен менi?”–
алдымнан шықтың СЕН гүлдiң сөзiн қайталап!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тым таныс дауыс… өлеңінің авторы кім?

Байбота Қошым-Ноғай — осы өлеңнің авторы.

Тым таныс дауыс… өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тым таныс дауыс… өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Байбота Қошым-Ноғай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тым таныс дауыс… өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері