Сен – Серік Қалиев

Бұл бетте «Сен» атты Серік Қалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.07.2020
  • 0
  • 0
  • 3892
Ақиқаттан аулаққа алыстағасын,
Надан десем өлердей намыстанасың.
Саналы деп санаймын қалайша сені,
Алла ұсынған заңменен таныспағасын.

Шариғатқа сай етіп іс қалмағасын,
Сүннетіне Нәбидің пысқырмағасын,
Зауыққа ерген өзіңнен артық деп білем,
Тауық деген ақылсыз құстың бағасын.

Симайтын жанмын дерсің-ау ноқтаға басым,
Хадистен хабарсыз болғасын жоққа нанасың.
Қай атыңа жақсы сөз айтуым керек,
Аятына Алланың тоқтамағасын?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері