Аяз – Ақберен Елгезек

Бұл бетте «Аяз» атты Ақберен Елгезек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.07.2020
  • 1
  • 0
  • 3506
Бейдауаның ісеріндей мына аяз,
Тұтқын жанның кісеніндей мына аяз,
Соңғы ақша шытырындай мына аяз,
Қатқан нанның қытырындай мына аяз,
Өлер жанның күпіріндей мына аяз,
Сұлу қыздың бүкіріндей мына аяз,
Өшкен оттың түтініндей мына аяз,
Соңғы өлеңнің үтіріндей мына аяз,
Өлген айдың келбетіндей мына аяз,
Қатып қалған жер бетіндей мына аяз,
Ақ өлімнің құшағындай мына аяз,
Қарақшының пышағындай мына аяз,
Жауларыңның жеңісіндей мына аяз,
Жын-сайтанның терісіндей мына аяз,
Өлі арудың анарындай мына аяз,
Айдаһардың жанарындай мына аяз,
Жарлықтардың нүктесіндей мына аяз,
Жақыныңның өкпесіндей мына аяз,
Нашақордың инесіндей мына аяз,
Қолбасшының түймесіндей мына аяз,
Патшалардың күймейсіндей мына аяз,
Тергеушінің бөлмесіндей мына аяз,
Қанышердің тәубесіндей мына аяз,
Сөнген жұлдыз сәулесіндей мына аяз,
Сүйіктіңнің қарғысындай мына аяз,
«Тоғыз грамм қорғасындай» мына аяз,..
Мен де – аязбын,
Сынар болсаң, сына, Аяз!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аяз өлеңінің авторы кім?

Ақберен Елгезек — осы өлеңнің авторы.

Аяз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аяз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақберен Елгезек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аяз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері