Матрица

Бұл бетте «Матрица» атты Темірғали Көпбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1211
Өткінші өмір өркешіне өңгерген,
Ирек қамшы ит тірлікті мен көргем.
Есіл дүние – ескі қалып, көне мұң,
Есті жанды шығармайды шеңберден.

Лауһул-Маһфуз жазмышына бағынып,
Көне тарих көшті қара жамылып.
Көкбөрі боп ұлып едім Ай жаққа,
Даусым қайтты шыны аспанға шағылып.

Өмір. Өлім. Бар мен Жоқтың арасы,
Адамзаттың шетсіз-шексіз наласы.
Адамды ажал мазақ етіп ойнайды,
Арманның да келмейді оған шамасы.

Туады адам, өледі адам шерменде,
Тайталасып қайғымен де, сормен де.
Тауқіметпен таусылады талқаның,
Тағдыр мәнін ұқтым ба дей бергенде.

Атқан таңнан, батқан күннен сыр аңдап,
Арманың да бөзге айналар бір оңғақ.
Жұмыр басты пенде болып келген соң,
Жұрттан бөлек кете алмайсың шығандап.

Дәмесі зор жұпар иіс жұмақтан,
Әркім өтер әрқилы жол – сынақтан.
Өмір – біреу,
Әлем– біреу,
Жан – біреу,
Шарам бар ма,
О, қырсық күн, шұнақ таң!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Матрица өлеңінің авторы кім?

Темірғали Көпбаев — осы өлеңнің авторы.

Матрица өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Матрица өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірғали Көпбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Матрица өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері