Мөлдір таң

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 01.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1217
Көзiм суретке түсiрдi
Жазғы таңның мөлдiрiн.
...Көңiлдегi құсымды
Үркiттi де келдi кiм...

Кiм келдi екен, қарашы,
Нұр ма, жыр ма,
Желiк пе...
Сезiмiмнiң жарасын

Емдеймiн деп келiп пе...
Таң – ғаламат адал-ау!
Түсiнбеймiз,
Әй, бекер...
Таңы таза адам-ау,

Жан тазасы қайда екен?...
...Жарық келдi тығылмай.
Күн жарықтық ол да асық:
Балға батқан шыбындай
Кiрпiктерiн зорға ашып.

Күншығыс жақ түрiлiп,
Мамыражай үн тұрды.
Жаным соны ұғынып
Жас сәбише ұмтылды.

Ендi жетем дегенде
Қанат жайып желкенi,
Күн өрмелеп төбеге! –
...Мөлдiр таңның өлгенi...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мөлдір таң өлеңінің авторы кім?

Нұржан Қуантайұлы — осы өлеңнің авторы.

Мөлдір таң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мөлдір таң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұржан Қуантайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мөлдір таң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері