Малта тас – Нұржан Қуантайұлы

Бұл бетте «Малта тас» атты Нұржан Қуантайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1853
Көзiңнiң тұнықтығынан
Түбiндегi малта тастар көрiнет.
Көкiрегiмдi көктей өткен жарық нұрдың себiмен
Көре аламын оны тек.

Жел тұрмасын, қамыс кiрпiк, ай қабақ,
Жел тұрып, дүлей дауыл жал толқынды көтерсе,
Тұнықтығы лайланат.
Түбiндегi малта тасым көрiнбей
Ол қалат...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері