Әнеу-әне-е – Нұржан Қуантайұлы

Бұл бетте «Әнеу-әне-е» атты Нұржан Қуантайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.08.2020
  • 0
  • 0
  • 943
Әнеу-әне-е,
Сеңгiр-сеңгiр басынан қарға ұшырмас Алатау,
Қарға қонған кеудемнiң iшiнде де бар отау.
Отау деген, ой, алла, киiз туырлықты бiр,
Отау, отау нәрсенi бiр ұлынан күттi қыр.
Отау түгiл от шықпас,
Бiр көргенге шық, дүбiр.
Көрiнгенге көзтүрткi, көңiлтұтқы – өтермiз.
Жұрт көзiне жұқтай боп көрiнбейiк бекер бiз...
Солғын болсақ сырт көзге, кеудемiзде отау бар,
Сол отаудың iшiнде Алатаудай екенбiз.
Солық басқан жылқыдай тұрып қалмай бекер бiз
Өтейiк пе?
– Өтермiз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері