Қалқатайым, шықтың ба қыр астына?

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.08.2020
  • 0
  • 0
  • 975
Қалқатайым, шықтың ба қыр астына?
Құртқашаштың гүлдері бүр ашты ма?
Жер жуалар бауырын көтерді ме,
Аққу-қаздар амандық сұрасты ма?
Көк масаты аймағың құлпырып бар
Тіршілікке қарай ма ынтығып тал?
Ел жайлауға көшті ме малын айдап,
Жұмыртқасын салды ма бұлдырықтар?
Көлеңкеден көктемнің суық қарын,
Көрген болсаң жатыр жер жуып тәнін.
Ақ отаудың көтеріп шаңырағын,
Қададың ба қолыңмен уықтарын?
Туған айдай көктемде көркіңді ашып,
Қара шашты өрдің бе толқындатып?
Құла мініп шаптың ба құба жонмен,
Қара жердің кеудесін солқылдатып?
Саған әлі бұлбұл ән шырқар келіп,
Жайнатады жүзіңді нұр таң беріп.
Ғашығындай жөнелтіп әр күніңді,
Оянарсың өмірге іңкәр болып.
Көктем - теңіз, көңілің кеме шығар,
Алдында өмір,
Тау толқын белесі бар.
Ойна, құрбым, жастықта
Жалғыз ғана,
Жабырқаулы жүретін мені есіңе ал!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалқатайым, шықтың ба қыр астына? өлеңінің авторы кім?

Қази Данабев — осы өлеңнің авторы.

Қалқатайым, шықтың ба қыр астына? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қалқатайым, шықтың ба қыр астына? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қази Данабев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалқатайым, шықтың ба қыр астына? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері