Оймақтай көлдің жиегі – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Оймақтай көлдің жиегі» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2071
Оймақтай көлдің жиегі,
Аққу құс ұшып киелі,
Қырын бұрып қанатын,
Қыл мойынға иеді.
Қарасудан жыртылып,
Дара тұлға құлпырып,
Буынсыз бел майысса –
Қос қанаты қайысша
Қайта-қайта созылып,
Қоғажайға тиеді.
Әуей желге ілессе,
Әсіре әуен біресе
Жіңішкеріп жібектей,
Тарайды осы түбекке.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері