Тасым өрге домалайды, домалайды күрт төмен – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Тасым өрге домалайды, домалайды күрт төмен» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1544
Тасым өрге домалайды, домалайды күрт төмен,
Тасы өрге домаласа, тас боп қатып жұрт деген,
Әлін біліп әлденеден, әлібінен түртпеген.
Тасым өрге домалай гөр, домалай бер төменге,
Болмысымнан басқа бірақ бағынбаймын «өнерге».
Тентек тағдыр, құмарсың ғой тәлкектеуге адамды,
Бірақ сені өле-өлгенше ойнатпаспын төбемде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері