Имандылық әліппесі – Жәди Шәкенұлы

Бұл бетте «Имандылық әліппесі» атты Жәди Шәкенұлы жазған адамгершілік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 24.09.2020
  • 0
  • 0
  • 2596
«А» әрпімен Алланың басталады есімі,
«Б» әрібі «бисміллә» барлық сөздің есігі.
«Ә» әрпінде, әрине, әдеп жатыр таусылмас,
«И» әрібі иманың ізгіліктің бесігі.
«П» әрпімен басталар бұлжымайтын парызың,
«Н» әрібі намазың бес уақыт қарызың,
«О» әрібің ораза тазалықтың ұясы.
«З» – зекет, «Қ» – қажылық, бір Аллаға тағызым.
«Ү» әрпінің үмбеттен үміт етер ісі көп,
«С» әрібі – сабырлық, «Ғ» – ғарышың күші көп.
«Л» әрібі Лә илләха илла Аллаһ,
«Ш» – шайтан, «І» – ібіліс жек көрмейтін кісі жоқ.
«Д» әрібі дініңнің дұға болар тірегі,
«Ж» әрпімен жақсылық тек жәннатқа кіреді.
«М» әрібі Мұхаммед, «Е» – елшісі Алланың,
«Р» әрібі Раббым күллі әлемнің жүрегі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Имандылық әліппесі өлеңінің авторы кім?

Жәди Шәкенұлы — осы өлеңнің авторы.

Имандылық әліппесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Имандылық әліппесі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма адамгершілік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Имандылық әліппесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері