Мүмкін емес – Қастек Баянбай

Бұл бетте «Мүмкін емес» атты Қастек Баянбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2387
Сен сүйесің,
Мүмкін емес сүймеуің.
Көзің айтты
Сендіретін сол мені.
Мүмкін оны әзір өзің білмеуің,
Мүмкін оны мойындағың келмеуі.

Мүмкін кейде нандыруың өзіңді
Сүйген емен,
Сүйе алмаймын деп оны.
Бірақ жұмып жүрмегесін көзіңді,
Бәрібір ол бір белгісін береді.

Сәл уақытта тына қалар тыныстай,
Мүмкін оны тұншықтырғың келуі.
Ал махаббат қыннан шыққан қылыштай,
Мүмкін емес бір жарқ етпей өлуі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мүмкін емес өлеңінің авторы кім?

Қастек Баянбай — осы өлеңнің авторы.

Мүмкін емес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мүмкін емес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қастек Баянбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мүмкін емес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері