Бәлкім – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Бәлкім» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 5790
Бәлкім, менің болмысым бөлек шығар?!
Ал, сен қалай ойлайсың, зерек шынар?!
Бар-жоғыңды өмірде білу үшін
Әлдекімді сағыну керек шығар?!
Сыр сақтауға үндемей терек шыдар,
Жан іздедім жанымды ерекше ұғар.
Біз жолықтық.
Маңдайға жазғаны – сол.
Өлең байғұс жай ғана себеп шығар.
Көңіліңде бір бейне көлбеңдесе,
Өлең, шіркін, сөйлейді өлген кеше.
Сағынышты мен ойлап тапқан жоқпын
Сенем оны ғарыштан келген десе.
Сүюдің де бар болар заңдылығы.
Еркелесем, оятам таң күдігін.
Бал қылығым сор болды... кешір жырдың
Ешбір заңға бағынбас әңгүдігін.
Жан табылмай өмірде сұңғақ одан,
Қиялымды ақ бұлтқа бұлғап алам.
Алабұртып өмірден өту үшін
Көңіліңде жүрсін бір жұмбақ адам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәлкім өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Бәлкім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәлкім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәлкім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері