Мені сонша Тәңірге жақындатты – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Мені сонша Тәңірге жақындатты» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 3365
Ақтар дағы жанымды жайып... түсін...
Толқын – тағдыр сынайды қайық күшін.
Ғайып құсым, сипайын маңдайыңнан
Сипайыншы... сен оған
лайықтысың.
Бар екенсің!
Мен соған шүкір дегем.
Сезімімді қайтейін шүпірлеген?
Мен – сен үшін
Өлеңмін ең әдемі!
Сен – мен үшін
Өмірсің лүпілдеген!
Сен де мендей:
Жіберме! Алып қал! – де.
Сүйкімді боп көрінер ғаріп хал де...
Мен сен үшін – мәңгілік сағынышпын
Сен – мен үшін ең соңғы жарық сәуле!
Зарықтырды. Күттірді. Лапылдатты.
Өкіндірді... Өксітті... Мақұлдатты...
Сизге қарай ұмтылған әр сезімім
Мені сонша Тәңірге жақындатты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері