Сүю үшін жаратты Тәңір неге? – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Сүю үшін жаратты Тәңір неге?» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2691
Сүю үшін жаратты Тәңір неге?
Бұл жүрекке жүрмейді әмір неге?
Әр мезеттің кірпігін санап тұрмын
Үнсіздікпен сен мені жәбірлеме...
Жаным күйіп тұрғанда - «Сабыр!»-деме...
Соқпай қалар секілді тамыр неге?
Буындыра берсе егер бұ сағыныш
Тыныш жата алмаспын қабірде де...
...Ұлардай боп шулап жүр тобыр неге?
Ойсыратты бұл сезім... обыр неме...
Тоқтап қалған сағатпен өзің жоқта
Тоқтап қалған секілді өмір кеме...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері