Құйып бер, тағы бар ма мұң? – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Құйып бер, тағы бар ма мұң?» атты Танакөз Толқынқызы жазған мұң туралы өлең берілген.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2014
Құйып бер, тағы бар ма мұң?
Жарқырай түссін жан нұрлы.
Шайналып өтсін бармағым
Айналып өтем тағдырды.
Ішелік бірге қайғыдан,
Өлтірмей қойса уға сын.
Жарқырап тұрсын ай күнәм
Жел болып жаным шуласын.
Жылыттым, өзім тоңсам да,
Білмеймін, өмір сүрдік пе?
Құлдығы мұңның болсам да,
Құл бола алман тірлікке...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері