Сайрамсу – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Сайрамсу» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2256
Керемет кезім менің, бала кезім.
Бала ғой,
Бала көңіл, бала сезім.
Тауға қарап өсіп ем, биік жүрмін,
Мөлдіреп жасқа толып қара көзім.
Үйрек жүзген су ма еді, келмей көктем.
Кейін ғана түсіндім, сенбей кеткем.
Балалық бал дәуренім сағынамын,
Жастығым ай оралмай, келмей кеткен.
Қыс еді, қар да қалың қырауы көп.
Сайрамсудан су алып, бір ауыл боп.
Есекке теңіп алған флягімді,
Толтырып шелегіммен, құлауым көп.
Өмірім,
Сүріп мына бейнетпенен.
Қабырғамды жан жоқ-ау күйретпеген.
Сол суда жүзген үйрек сұлу еді,
Қыл қалам шебері егер суреттесе.
Сезім қалай оятса түнгі мені.
Мен ояу, жанмын сүйген Сүмбілені.
Хан балығы жүзетін, тасқын суда,
Таң қалдырды, үйректің сүңгігені.
Қыста көрген үйрек қой, сүңгігені.
Ажыратып алыңдар, түнді, мені.
Үйрек қонған, қыстаған Сайрамсуға,
Аққу құс та қонар кеп, кім біледі?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сайрамсу өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Сайрамсу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сайрамсу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сайрамсу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері