Теңізде – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Теңізде» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3660
Айналамыз асқар тау,
Қарайды төніп көктен күз,
Алқаракөк бір асау
Алдымызда Көк теңіз.
Ортада оқшау шың жартас,
Шық моншақтап тер жапқан.
Асуынан жол бермей,
Аспанның бұлтын кері атқан.
Алысып көк толқынмен,
Астымызда кемеміз.
Сол шыңдай қарап әлемге.
Теңізді жарып келеміз.
1943


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері