Асығып қайда барады? – Аселя Куатова

Бұл бетте «Асығып қайда барады?» атты Аселя Куатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Арайлап атқан таңында бір,
Баласын күтіп ана жүр.
Көңілде күйбең мұң тұрса да,
Мән бермей жолға қарап тұр.

Келіп қалар міне деп,
Жүрегі талмай дүрсілдеп,
Ұзақтау күтті бір шама
Жолына қарап, елеңдеп.

Алыс жолдың басы еді,
Кемелер жүрген тас еді,
Үш кеме келе жатқанды,
Күн емес, түннің басы еді.

Көзімнің екі жанары,
Асығып қайда барады?
Асыққан екі кемесі,
Жол ортада қалады.

Таң емес түннің шамасы,
Суытқан желге қарашы.
Далада қалған қос жүрек,
Асығып қайда барады?

Белгісіз жердің түбінде,
Қасиет Жұмы күнінде,
Кетіп қалды бауырлар
Аспан үйдің төріне.

Жалғызым деп атаған,
Жүректегі тәтті арман.
Ботадай көзі ананың,
Мөлдіреп жасқа боялған.

Кім білісін бұлай боларын?
Бауырым кетіп қаларын.
Сенбеген қос бойжеткен,
Күтеді қоңырау шалғанын.

Десеңіз тағдыры жазылған,
Ажалы солай алдырған,
Қапамын қатал тағдырға
Қос бауырдан айырған.

Ұзақ жолдар үзілген,
Жүректер екіге бөлінген.
Өмірдің қиын сынағы,
Ешкімге аяу бермеген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асығып қайда барады? өлеңінің авторы кім?

Аселя Куатова — осы өлеңнің авторы.

Асығып қайда барады? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асығып қайда барады? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Аселя Куатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асығып қайда барады? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар