Анама

Бұл бетте «Анама» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жапырақтың
Желмен салғаны ойнақ,
Жап-жасыл із шықта қалғаны сайрап,
Жағалаудан
Жеткен сабаудың дыбысы,
Жалбыздың
Жарған танауды иісі,
Әйелдердің кешке
Әнге басқаны,
Көктемнің
Көкшіл, зеңгір аспаны
Есіме сені түсіреді ылғи...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері