Тұлпар – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Тұлпар» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 5892
Көп ай бойы дағдыланған,
Қан жорыққа тұлпарым.
Кесе келген қарғып жалдан,
Шықты үстіне қырқаның.
Қара жолға қан төгіліп,
Күреңденіп қалды із.
Жалт бұрылып, жау шегініп,
Жатты ашық алдымыз.
Шіркін, тұлпар көсіле алман,
Тұрып еді байлауда.
Бүгін тұңғыш ерік тиіп,
Шыққандай бір сайранға.
Туды еркін шат күндері,
Қонды жеңіс құсы кеп.
Құйындатып тартты ілгері,
Желге қарап кісінеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұлпар өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Тұлпар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұлпар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұлпар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері