Көз ілмедім қатарынан жеті күн – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Көз ілмедім қатарынан жеті күн» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1531
Көз ілмедім қатарынан жеті күн,
Ұйықтата гөр бүгін мені, Түн-Ана!
Жердің барлық түгендедім жетімін,
Сізді сонда сағыну да күнә ма?
Көз ілмедім қатарынан бір апта,
Ұйықтата гөр бүгін мені, Түн-Күймем.
Доғара алман сені ойлауды бірақта...
...Оңала алмас отыңызға шын күйген...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері