Теңіз жағасында өліп қалған шағала – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Теңіз жағасында өліп қалған шағала» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 768
Қара тастақ жағада
өлiп жатты шағала.
Арсы-гүрсi долданған
толқындармен алысқан,
аспандағы жөңкiлген
бұлттарменен жарысқан,
жаратылған ағыстан,
өлiп жатты шағала,
қара тастақ жағада.
Өлең-сынды өжет құс
көктi тесiп өттi ғой
дүниенi телегей –
адыранадан атылған
зымыраған жебедей.
Өлең-сынды өжет құс
өлiп жатты, апырым-ай, –
дүниемен бiтiспей
арпалысып,
ақыры
өлiп тынған ақындай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері