Түсінеді – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Түсінеді» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2335
Түсінеді... Қайда барар?.. Ол да адам...
Бұндай сезім бұрын менде болмаған...
Көздеріңнен сүйіп алғым келеді
Көктем болып елестейді ол маған!
Сөйлеп қалсаң, ұшқым келіп қомданам.
Үнсіз қалсаң, өз-өзімнен қорланам...
Сырын елге өзі жайса өлеңім,
Сұқ көздерден қалай, қайтіп қорғанам?
Жол тым ауыр... Шоқайым тар, шоң ғалам!
Іздер ме едім, болсам мұнша тоңбаған...
Көздеріңе батып өлгім келеді
Күншуақ боп елестейді ол маған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері