Өзім салған үйіңде орын болса – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Өзім салған үйіңде орын болса» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1097
Жұрт сұраса айтар ем арманымды.
Бала үшін берер ем бар малымды.
Қанша қатал болсам да мен оларға,
Қатты жақсы көремін балдарымды.
Жақсы жанды сүйіпті, сүйікті өлең.
Құрып кетші сұранам, күйік менен.
Қатын жолда, атақ, тақ құрып кетсін,
Ұлдарымды бәрінен биік көрем.
Өздеріңе әлі де жол ашамын.
Жарқын болсын жандарым, болашағың.
Текті атадан тараған өрендерсің,
Жарқын болсын балдарым болашағың.
Алладан сұрағаным орындалса.
Жүрегіңнен әкеге орын қалса.
Төр тілеп, сұранбаймын алтындарым,
Өзім салған үйіңде орын болса.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері