Не деген ауылымның кеші мұңды

Бұл бетте «Не деген ауылымның кеші мұңды» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1624
Не деген ауылымның кеші мұңды.
Жан едім,
Жүрегі ақ, кешірімді.
Ардан безіп жүрген де өзім екем,
Бақ келіп түрткілейді есігімді.
Құны бір, көк тиын боп маған ардың.
Біреуді жек көрейін, табалармын.
Қашан есім кіреді, ойлап жүрмін,
Бабы келіп, бақ қонған бабалардың.
Өртейді өзегімді, сезім деген.
Түндерім өтіп жатыр, көз ілмеген.
Мен жалғыз,
Жүрегім де жалғыз менің,
Сол жан қайда екен-ай «өзің» деген.
Дос болып, шайтанменен, періменен.
Ажыратты- дейді Алла- сені менен.
Бабаларым талайды оқып, жазған,
Асыл ғой тектілерім, еміренем.
Қой дейді, алда дейді бағың әлі.
Қам көңіл, сезімге бір бағынады.
Балалық күндерім-ай, келмей кеткен,
Қөңіл құрғыр сол күнді сағынады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не деген ауылымның кеші мұңды өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Не деген ауылымның кеші мұңды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не деген ауылымның кеші мұңды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не деген ауылымның кеші мұңды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері