Несіне әпке жыладың – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Несіне әпке жыладың» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1395
Несіне әпке,
Несіне бауыр жыладың?!
Шыдамас дейсің,
Шыдаймын, өмір сынағы.
Сен кеткеннен соң елегізген сол бір көңілім,
Қайтейін енді, жыладым.
Пейілің таза,
Ойлаған туыс, бауырды.
Шешемнің түрі,
Тірлігің таптай, қарулы,
Әпке деп барсам,
Дастарханың жайнап тұратын,
Ұйықтаймын десем, төсегің әр кез жаюлы.
Бұл тірлікте өтер,
Бәрі де әпке өтпелі.
Жазғыра көрме, жамандай көрме тек мені.
-Қосады Алла- дейді ғой екі адамды,
Үкілеген жаным қадіріме менің жетпеді.
Қорғадым оны,
Бекер ау, бекер жан салып,
Еркектің күші жетеді оған қаншалық?
Кетемін десем,
Қимайды, білем, тәйір- ай,
Бағамды бүгін біліп жүр екен, қаншалық.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері