Анаға сағыныш

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 1
  • 9855
Қара бұлт томсарып көктен де,
Гүл шыға қоймаған көк белде.
Арқалап мені апам келеді,
Сұрықсыз сол бір жыл, көктемде.
Дегендей,-Неге өмір сынайды?-
Көше де, ми батпақ, лайлы.
Өксігі тығылып тамаққа,
Білдіртпей ішінен жылайды.
Түсейін, артыңнан еремін,
-Әлім жоқ- мен дағы демедім.
Қапсыра құшақтап арқасын,
Мұң зарын түсініп келемін.
Шүкір ғой,
Мен қазір тәуірмін.
Бес жасым, мен қатты ауырдым.
Көктемгі салқынның әсері,
Ауыру мендетіп бауырдың.
Қабыл боп атамның тілегі,
Әкемнің ауырып жүрегі.
Емдетті, емделдім шүкірмін,
Оның да табылды бір емі.
Осы еді балалық жайымның,
Өтемі болды ма, қайырдың?
Ажалды өзімен ап кеткен,
Атамнан сол жылы айрылдым.
Сөнбесін, жансын деп шырағың,
Мекендеп мәңгілік тұрағын,
Жазылып үйіме келгенде,
Атам жоқ, іздедім, жыладым.
Бағымды құдайым еселе,
Көп адам лайықсыз десе де.
Апам мен атама құрметім,
Басына тұрғыздым кесене.
Көңіл мұң,
Жүрек зіл – біледі.
Тоқтады анамның жүрегі.
Сен жоқсың, кенеттен ауырсам,
Кім мені арқалап жүреді?!


Пікірлер (1)

АҚМАРАЛ

Кушты

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анаға сағыныш өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Анаға сағыныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Анаға сағыныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анаға сағыныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері