Қарапайым адам

Бұл бетте «Қарапайым адам» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 649
Неткен бай ол сабыр менен төзiмге,
жүре алады ол өз даңқын да сезiнбей.
Қарапайым
тiршiлiгi, тынысы,
қарапайым
табиғаттың өзiндей.
Қара нар боп жүрер ауыр кезде де,
Бiрақ оны байғұс деме,
ез деме.
Керек кезде қара қылды қақ жарар
қарапайым сөзбенен.
Жетедi оның қызуы да,
жалыны,
түседi оның жұртқа бүкiл жарығы.
Аумайды бiр қарапайым қалпынан
болса да оның президиумда орыны.
Бүгiнгi күн толғағынан жаралған
Керек оған жаңалық та,
жаңаң да.
Жүрер бiрақ қарапайым киiммен
матасы мен модасы көп заманда.
Гүл шығатын алдына да,
артына
тартып туған перзент ол халқына
Сөйлесе де,
отырса да,
күлсе де
аумай кетер қарапайым қалпынан.
Сөйлемеген бiреуменен жарысып
Жетсе де оның даңқы менен дабысы
көрмеген бiр
көтерiлiп кеудесi,
көрмеген бiр
көтерiлiп дауысы.
Жаралған ол –
тазалықтан, тұнықтан,
жаралған ол –
қасиеттi ғұрыптан.
Өзгермейдi ол –
көзге түспей қалса да! –
қарапайымдылықтан.
Салмақтылық,
сабырлылық сырласы
Бетке теппей шөгiп жатар тұнбасы.
Еленбесiн,
көзге мейлi түспесiн
бәрiмiзден биiк оның тұлғасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарапайым адам өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қарапайым адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарапайым адам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарапайым адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері