Сары бояу – Қастек Баянбай

Бұл бетте «Сары бояу» атты Қастек Баянбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.11.2020
  • 0
  • 0
  • 3965
Сипап өткен самалға
Тербеледі сары алма.

Шолып едім бақшаны,
Қауын біткен сап-сары.

Көрінеді шалғайдан
Бел-белестер сарғайған.

Жарқыраған,
Жайнаған
Сары бояу айналам.

Жомарт күздің бояуы
Дәл осындай болады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері