Өлең, жыр, ақындар

Cенің көзің

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1277
Cенің мөлдір көзің қара нұр толы.
Баспасыншы торлап мұңлы бұлт оны.
Сұлулықты жазсам егер том-том қып,
Көздеріңе арналар-ед бір томы.

Сенің көзің, сенің көзің - ең мөлдір,
Қара көздер, өмірімде көрген бір.
Көздеріңе арнар едім том неше,
Қалай саған кеш үңілгем мен көргір.

Сенің айна мөлт-мөлт еткен көзің шын,
Ең, ең таза жандікі екен сезімшіл.
Сұлуларын тізсем былай, қазақтың:
Баян, Жібек, Еңлік, тағы - Өзіңсің!

Сені көрсем жайнар көңіл ақ гүлі,
Сенің көзің көздердің ең саф түрі,
Көз алдымда жүрсең екен күлімдеп,
Қаракөзім, жырларымның авторы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Cенің көзің өлеңінің авторы кім?

Дәурен Айманбетов — осы өлеңнің авторы.

Cенің көзің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Cенің көзің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәурен Айманбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Cенің көзің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері