ЖАН-ым – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «ЖАН-ым» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 819
Жанас жүре көп сенімен,
Жансырадым еңселі Мен.
Жан-жүйеңді зерттеп көрдім,
Жанымның сен бөлшегі ме-ең?
Жанарыңа үңілемін,
Жәннаттың ақ гүлі ме едің?
Жансар халде өзіңді аңсап,
Жанам күйіп күніне мың.
Жансебіл-ем, көңілді едім,
Жанасым hам өмірге бұл.
Жандауында сезім шыңнын,
Жанартаудай шөліркедім.
Жансың сұлу, сылқым, асыл,
Жанаттайын құлпырасың.
Жаныңда жүр сені сүйген,
Жаным қайда ұмтыласың?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері