Ауылдағы көктем

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1148
Таң бозынан тұрдым дағы,
Күннің нұрын көп іштім,
Алатаудан көлбей түсті,
Еріксізден өбістім.

Құйқылжыта бір әнге сап,
Торғай ұшты басымнан.
Сәлден кейін күннің исі,
Бұрқырады шашымнан.

Көктен түскен жұмсақ ине,
Жатыр емдеп тәнімді.
Қырдан келген қызғалдақ та,
Алқап жатыр Тәңірді.

Далабезер болып кеттім,
Күннің нұрын жиі аңсап.
Күреңітіп шыға келді,
Ақ білегім ұялшақ.

Миллион шөп желкілдеген
Шөп теңізі шар тарап.
Бақбақ гүл де масайрайды,
Өзін өзі хан санап.

Кеше ғана отырғызған,
Бүршік шықты жас талдан.
Тек әтіргүл міз бақпады,
«Су ішем» деп аспаннан!.

Көктемдегі бұл көңілшек,
Келе жатқан ескі жыр.
Ашулы екен, төпеп берді,
Қамшысымен осты бір.

Әтіргүлдің паңдығы бұл,
Шарт қоймаса сыйлы еді,
Жаңбырдан соң жапырағы,
Дір-дір етіп биледі……


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауылдағы көктем өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Ауылдағы көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ауылдағы көктем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауылдағы көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері