Жау жаңбыр – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Жау жаңбыр» атты Алма Түсіпбекова жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 17.11.2020
  • 0
  • 0
  • 864
Кетіп ед, өксік басып өмірімді,
Жау, жаңбыр!
Жушы менің көңілімді.
Тамшының құлаққа ұрған тырсылын-ай,
Домбыра секілденген қоңыр үнді.
Тамшы үні!
Осы сенен дерек үзіп,
Жүрген ем елеңдеумен елегізіп.
Санамды сойылдаса сансыз ойлар,
Ақылым алағызып, дене қызып.
Ашылсын көңілдердің сан құлыбы,
Жауа бер!
Кереметсің, жаңбыр үні!
Тілгіле, найзағай боп көк аспанды,
Жанымның жапандағы жаңғырығы!
Тамшылар!
Көңілімнің демделгені,
Жанымның жарасының емделгені.
Сезімнің жетер енді сенделгені,
Болмаймын ауыр ойдың енді ермегі!
Жан емен тілегені теріс келер,
Сырларым!
Іште қалса – беріштенер.
... Көңілін бір ақынның таптық-ау деп,
Көктегі жылап жатыр періштелер...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері