Дұға – Омарғазы Айтанұлы

Бұл бетте «Дұға» атты Омарғазы Айтанұлы жазған діни тақырыптағы өлең берілген.

  • 21.11.2020
  • 0
  • 0
  • 874
Ит терісіне жазылған жазу,
Ескі жұртта қалған көмбе.
Адамзат ақылы қандай аянышты!
Бір аунап уанбаған қайсы пенде.
Құмарпаздар әуесі қаныңдағы,
Иманың қырық кез төбеңде тұрар.
Бір жыл өсіріп көрші шаш-сақалыңды,
Екі иығыңда екі періште отырар.
Ентігіп есіріктенбе кәрі жасамыс,
Үндемей отыра қал одан да сол күні,
Бар екені рас болса, егер бір жаратушы
Жеңісім деп білер, бәлкім, ол мұны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері