Іш пен сырт – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Іш пен сырт» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1148
Кеңістікте
Төрт нүкте мен үш сызық,
Үш сызықпен
Қос төртеуін тік сызып...
Құмарланып,
Арлы­берлі сызғылап
Әуре болып
Таба алмайсың түк қызық!
Ақыл, білім
Болғандықтан дұп­дұрыс,
Іштен іздеп
Жұмсайсың кеп күш­құрыш...
Қосылады
Тік бұрышты төрт нүкте
Төбелерін
Қоршай тартсаң үшбұрыш!
Қалай ойлау
Болғанымен ырқыңда,
Тік төртбұрыш
Ішінде әлі тұрсың ба?
Не табасың
Қабырғадан шектеулі,
Шешу – шындық
Кеңістіктің сыртында!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері