Халық – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Халық» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1638
Тұңғыйық, тұнық кең теңіз,
Өтеді, тасқын көшеді,
Сарқылмас теңіз – бір халық.
Толқында жүзген кемесіз,
Толқынға қарсы еседі,
Толқынға соғып ырғалып.
Кемеге күшті сенеміз,
Тағдырды кеме шешеді,
Керемет кеме ол, – бір алып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері