Теңіз сыйы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2292
Күрсінбейді, Балтық бүгін күледі,
Жырға толып шалқар теңіз жүрегі...
Жағажайда демалушы жұртшылық
Ертелі-кеш серуендеп жүреді.
Күрсінбейді, Балтық бүгін шалқиды,
Күн мінезі құбылмалы, әр қилы.
Келіп жатқан қонағына қаншама,
Көрсетеді ықыласпен бар сыйды.
Теңіз суын алдыңа әкеп тосады,
Толқындарын сазды әуенге қосады.
Кейде еркелей сипап өтіп жағаны,
Сыңғыр қағып, жалт бұрыла қашады.
Теңіз түні қашан-дағы шырайлы,
Теңіз күші кімді болсын сынайды.
Жатқанда ол дауыл құшып, теңселіп,
Оған дәйім батыл жандар ұнайды,
Толқын оның аяғына құлайды.
Көз ілеспейді, толқын қандай тез еді,
Жамырай кеп жағалауды кезеді.
Жүректіні еш нәрседен қайтпайтын
Жүзінен-ақ бұлжытпастан сезеді.
Жатады ол күштіңе де бас ұрмай,
Жатады ол бар мінезін жасырмай...
Қаталдығы қағып түсер қылыштай,
Жадыраса аңсап құшқан досындай,
Теңіз жаны осындай!
Тілейді ол, кімге болсын шаттықты,
Теңіз күйі кейде қатал, жат тіпті...
Толқынымен жуып-шайып жүріп-ақ
Керек етер қас қағымда сақтықты!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Теңіз сыйы өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Теңіз сыйы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Теңіз сыйы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Теңіз сыйы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері