Жүрегім менің тұңғыйық – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Жүрегім менің тұңғыйық» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1722
Жүрегім менің тұңғыйық,
Бойлағанға Байқалдай,
Көктей мұхит кең мұхит,
Қалар ма, сірә, байқалмай!
Арай атқан алтын таң –
Бейне жанған гауһар тас.
Таң нұрындай шалқыған,
Сол бір теңіз сарқылмас.
Отанымның нұры ғой,
Жүректе теңіз – көл болған.
Тербеген соны терең ой,
Жүзермін талай мен оған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері