Шырпы – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Шырпы» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1444
Кіп-кішкентай шырпылар –
Дүниенің жойқын алыбы.
Тұтатсаң бірін, бұрқырар,
Қасыңды шарпып жалыны.
Сіңлісі күннің о да бір
Секілді – жалын өлшеулі.
Тұлданар шырпы едәуір
Жандырсаң білмей мөлшерді.
Жаныңнан қалмас жолдасың –
Тамызғы отың сол шырпы.
Прометейдің олжасын
Қастерлер қазақ ел-жұрты.
Өлімге сірә кім құмар,
Ойлантпас кімді жол қамы.
Шырпылар, титтей шырпылар
Ұласпаса өртке болғаны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері